Қарағанды облысының ауылдық және шалғай аудандарының тұрғындары енді онколог дәрігерлердің кеңесін онлайн ала алады. №3 Көпсалалы ауруханада телемедицина жобасы енгізілген. Қашықтан консультацияны онкогинекология саласының мамандары да жүргізеді.

Өңірде телемедицина жүйесі қарқынды дамып келеді. Бұл жоба облыстағы медициналық ұйымдарды біріктіріп, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін дәрігерлер мен облыстық деңгейдегі мамандардың жедел өзара байланысын қамтамасыз етеді.

Телемедицина бейінді онкологиялық көмекке қолжетімділікті арттырып, пациенттердің облыс орталығына қатынау қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.