Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханада телемедицина жобасы қарқынды дамытылуда. Оның көмегімен Қарағанды облысының шалғай аудандарындағы тұрғындар облыс орталығына бармай-ақ бейінді мамандардан кеңес ала алады.
Қашықтан қабылдау бес бағыт бойынша жүргізіледі: оториноларингология, офтальмология, неврология, нейрохирургия және травматология.
Жоба болашақта облыстың шалғай елді мекендеріндегі фельдшерлік-акушерлік пункттерден бастап дәрігерлік амбулаторияларға дейінгі 117 медициналық ұйымды толық қамтымақ.
Телемедицинаның дамуы тұрғындарға бейінді мамандардың кеңесін жылдам алуға, ал жергілікті дәрігерлерге облыстық деңгейдегі әріптестерімен жедел байланыста болуға мүмкіндік береді. Бұл өңір тұрғындары үшін мамандандырылған медициналық көмекті бұрынғыдан да қолжетімді ететін маңызды қадам.




